Бүгін – Халықаралық инстультқа қарсы күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Халықаралық инстультқа қарсы күрес күні

29.10.2018

Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының бас маманы Сабина Медуханова «Таңшолпанда» қонақ болды.

Әлемде, елімізде инсульт жасарып бара жатыр. Елімізде жылына 40 мың адам инсульт алады. Оған не себеп? Маман инсульт ауруларына қатысты мәселелерге жауап берді.

 

Сабина Медуханова:

Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген. Осы күнге орай біздің мекемеде де бірталай іс-шаралар атқарылып жатыр.

Шынында да қазір инсульт жасарды. Елімізде инсульт ауруларына шалдығатындардың саны көбеюде. Біріншіден, 30 жастан асқан азаматтар дәрігерге бармайды, скринингтен өтпейді. Екіншіден, Қазақстанда тура статистика жоқ. Халықаралық мақалаларға қарағанда, жыл сайын 30 жастағы жастар арасында инсульт кездесуде.

Инсультқа шалдығудың бірден-бір себебі - қан-қысымының көтерілуі. Қан-қысымының көтерілуіне де себеп көп. Ал, оның себебі ағзалардың ауруы болуы мүмкін. Онымен күресу керек. Мидың қан-тамырын қадағалау өте қиын. Оны қарау үшін арнайы диагностика жасау керек. Оны дәрігер күнделікті жасай бермейді.

Өкінішке орай бұл салада жаңалықтар ашылып жатқан жоқ. Тек саламатты өмір сүру салты, дұрыс тамақтану, жаман әдеттен арылу керек. 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу