Абай Бегей: Жұбайыммен менің арамыз – 16 жас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Бегей: Жұбайыммен менің арамыз – 16 жас

24.10.2018

Әнші Абай Бегей Алматы студиясының қонағы болып, көрермендерге жаңа әнін ұсынды.

Абай Бегей:

Әкем анамнам 16 жас үлкен болды. Мен үйдің кенжесімін. Жұбайыммен менің арамыз – 16 жас. Арнайы іздегенім жоқ, бұйрық солай болды.

Өнерге келгелі Ақбота Керімбековамен дуэт айтқым келетін. Енді арманыма жетіп, бірге ән орындадық. Жақында ол әнге бейнебаян түсірдік. Халыққа ұнап, пікірлер жақсы болып жатыр. Бірақ интернет заманы сондай болады. Теріс пікірлер жазып, екеумізді қосып кететіндер де бар. Бірақ ән, бейнебаян сәтті шықты. Бұл бастысы.

Жақында Ақтау қаласында концерт бердім. Халық көбінесе қандай ән айтатыныңды біле бермейді. Жылдың аяғына дейін Қазақстанның басқа өңірлеріне концерт беремін.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу