Амангелді Кеңшілікұлы: Шығармашылық адамының демалысқа кету мүмкіндігін заңмен бекіту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Кеңшілікұлы: Шығармашылық адамының демалысқа кету мүмкіндігін заңмен бекіту керек

22.10.2018

Жақында жазушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті. Жазушы бүгін студия қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.

 

«Қазір дарынды жастар жоқ емес. Бірақ мемлекет талантты жастарға жағдай жасап, мүмкіншілік беру керек. Мысалы, мемлекет тарапынан грант беріп, бір жыл бойы қаламақысын төлеп, шығармашылық демалысқа жіберуін заңды түрде қарастыру керек. Бізде ондай мүмкіндік жоқ. Мысалы, поэма, проза, роман жасау үшін біраз отыру керек, еңбек ету керек. Сондай кезде демеу көрсетсе, біздің әдебиетімізде ірі туындылар пайда болады», - дейді жазушы.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу