Елбасы Жолдауы диқандар жағдайының түзелуіне сеп болмақ. Айтылған бір мәселе, ауыл шаруашылығына ақылды адамдарды тарту бастамасы. Президент мынадай мысал келтірді: Қазір қарыштап дамып келе жатқан Сингапур осы саланы ілгерілету үшін әлемнен ауыл шаруашылығын мықты меңгерген, ұжымдарды басқарып бір мүддеге жедел жетелей алатын мамандар іздеген. Нәтижесінде, Жапонияның зейнетке шығып кеткен мықтыларын өздеріне алдырып, жағдай жасап, ауыл шаруашылығын адам танымастай деңгейге көтеріпті.
«Біздегі кей шенеуніктерге Сингапурдың істегенін сол күйі көшіріп алудың қажеті жоқ, алдымен ғаламторға жүгініп, керекті сайттарға үңілу керек. Тіпті болмаса, ауыл шаруашылығын жақсы білетін мықтыларды елге алдырып, ақысын төлеу керек». Президент осылай пәрмен берді. Оған қоса ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесі енгізілмек. Осы мақсатқа кемі 100 миллиард теңге жұмсалуы мүмкін. Оқитын кімдер, оқытатын кім? Мемлекет шаруаларға тағы қандай мүмкіндік бермек? Осы турасында Еркін Съезұлының сюжетінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.