«Қазмедиа орталығында» журналистерге арналған семинар-тренинг өтті​​​​​​​ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмедиа орталығында» журналистерге арналған семинар-тренинг өтті​​​​​​​

12.10.2018
«Қазмедиа орталығында» журналистерге арналған семинар-тренинг өтті​​​​​​​

Бүгін «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ Персоналды дамыту және басқару департаментінің ұйымдастыруымен журналистерге арналған семинар-тренинг өтті.

Шараға Шерубай Құрманбайұлы, Серікзат Дүйсенғазин, Нұртөре Жүсіп және Назгүл Қожабекова сынды спикерлер қатысты.

Семинар барысында тележурналистің сөйлеу мәдениеті, этикасы, тіл заңдылықтары, грамматикалық заңдылықтар, интерференция (тілдегі сөз нормаларын бұзып айту), әдеби тілдің нормалары және сөйлеу мәнері сынды тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, ақпараттық бағдарламаларда фактілердің пайдаланылуы, фактографиялық деректер, журналистік материалдардың стилистикасы мен өңделу жолдары туралы айтылды.  

 

Хабарламаларға жазылу