«Shanyraq». Ерлі-зайыптының жас алшақтығына қалай қарайсыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shanyraq». Ерлі-зайыптының жас алшақтығына қалай қарайсыз?

10.10.2018

Махаббат жасқа қарай ма? Әйелі күйеуінен үлкен болса, бұл әбестік пе? Ерлі-зайыптының жас алшақтығына қалай қарайсыз?

«Shanyraq» бағдарламасының қонағы отбасылық психолог Гүлнәзия Арон өз пікірімен бөлісті.

«Мені эфирге маман ретінде шақырды. Бірақ, өз басымдағы оқиғамен бөліссем деймін. Күйеуім өзімнен 14 жас үлкен. Бұл - менің екінші некем. Отбасы құрғанымызға биыл 7 жыл болды. Маман емес, жеке адам ретінде меніңше, адамның биологиялық жасына қарағанда, оның рухани байлығы, көзқарасы маңызды.

Күйеуім мені өзінің қөзқарасымен, сыпайылығымен, ізеттілігімен баурап алды. Қазіргі таңда «осы кісіге тағы тұрмысқа шығар ма едің?» деп сұраса «иә» дейтін едім. Махаббат тек құмарлық, сүйіспеншілік емес, махаббат - сүйген адамның кемшіліктерін көтере білу.

Жолдасым менің өніп-өрбіп, өсуіме қатты мән береді. Жұмыс бабы болсын, басқа шаруа болсын, әрдайым қолдайды. Мұндай гармония тек жас аралығына емес, адамның ішкі жан-дүниесіне байланысты деп ойлаймын», - дейді маман.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу