Астанада «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды

03.10.2018

Елорда төрінде «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. 7 жыл ішінде «Үздік педагог» байқауына 31 420 мұғалім қатысыпты.

«Таңшолпанның» бүгінгі мәртебелі меймандары – үздік ұстаздар. Ол «Үздік педагог - 2018» байқауының жеңімпазы Гүлназ Ізтілеуқызы, «Үздік педагог - 2018» байқауының жеңімпазы Қабанбай Бекетұлы.

«Үздік педагог» атану мұғалім үшін әрі қарай еңбек етуіне, қоғамда мұғалімнің оң имиджін қалыптастыруына үлкен септігін тигізеді. Ұстаздар мерекесіне орай осындай үлкен марапатқа ие болып жатырмыз. Ол әрине қуантады. Байқаудың өзіндік мақсаты, міндеттері бар. Ұстаздарға қойылған талаптар бар. Ол ұстаздың бір жылдық емес, бірнеше жылдық еңбегі», - дейді Гүлназ Ізтілеуқызы.

«Ұстаздың еңбегі – көрінбейтін еңбек. Оқушы 10-12 жылдан кейін жақсы азамат болып шықса, қуанасың. Мұғалімдердің жүгі, жауапкершілігі мол. Күні-түні еңбек етеміз. Байқау мұғалімдерге стимул береді. Жас мұғалімдер үздік болуға тырысады. Әр ұстаз өз еңбегін көргісі келеді. Мақтанып айта аламын, 2015 жылы 30 мемлекет ішінде менің оқушыларым «Қазақстанның үздік оқушысы» ретінде алтын медаль алды», - дейді Қабанбай Бекетұлы.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу