«Қазақстан» РТРК» АҚ  2019 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ  2019 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

02.10.2018
«Қазақстан» РТРК» АҚ  2019 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2019 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды. Тапсырыстар келесі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады: махаббат пен отбасылық құндылықтар, тәлім-тәрбие, тарихи тұлғалар, рухани-өнегелік жаңғырту («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемелекеттік бағдарламасы аясында) және қоғам өміріндегі басқа да ағымдағы оқиғалар.

Байқауға қатысушы компания арнайы синопсис және презентация жолдайды (көлемі 2 беттен кем емес, шрифт Times New Roman, өлшемі-12, қазақ-орыс тілдерінде). Сонымен қатар, концепция ауқымы мыналарды қамтуы керек: жобаның атауы, мақсаты мен міндеті, көлемі, ұзақтығы және шығарылым саны, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы.

Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Байқау үш кезеңмен өтеді:  

  1. кезең: Талапқа сай келетін өтініштерді бастапқы қабылдау;
  2. кезең: Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.
  3. кезең: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау. 

Өтініштер 2018 жылғы 15 қарашаға дейін kaztrk@kaztrk.kz эл. поштасы арқылы қабылданады.

Хабарламаларға жазылу