Гидропоника тәсілімен өсімдік өсіру суды үнемдеуге мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гидропоника тәсілімен өсімдік өсіру суды үнемдеуге мүмкіндік береді

01.10.2018

Химия, биология саласын зерттеп жүрген жас ғалым Диас Тастанбеков Алматы студиясының қонағы болды. Жас ғалым өсімдікті топырақсыз өсіруді қолға алған. Диас Тастанбеков гидропоника әдісі туралы сөз қозғады. Гидропоника дегеніміз не? Оның аэропоникадан ерекшелігі неде?

«Өсімдік топырақта өскен кезде сол топырақ өзіне керекті, құнарлы заттарды сақтайды. Топыраққа су барған кезде, керекті заттар еріп, тамырға кетеді. Демек, функциясы сол ғана. Өсімдікті топырақсыз өсіруге болады. Сондықтан керек заттарды тікелей тамырға неге бермеске деген сұрақ туындады.

Бұл әдісті гидропоника дейді. Гидропоника әдісі бойынша суды үнемдеуге болады. Екіншіден, топырақ болмағандықтан әртүрлі зиянкестердің тіршілігіне қолайлы жағдай болмайды. Демек, ешқандай пестицидтер керек емес.

Қазіргі уақытта гидропоника әдісін қолданатын компаниялардың саны көбейіп жатыр. Қазақстанда гидропоникамен айналысатын біз тұңғыш компаниямыз», - дейді ғалым.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу