Отандық ойыншықтар неге аз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ойыншықтар неге аз?

29.09.2018

Жасөскіндер ата-анасына жаппай алғызатын ойыншықтар миллиардтаған доллар әкелетін табысты бизнеске айналды. Мұны ХХ ғасырдың сексенінші жылдары Қытай түсіне қойды. «Сапасы сын көтермейді» деп сарапшылар шулап жатса да шығыстағы көршіміз оның бірін де құлағына қыстырмады.

Тиісінше сапасыз болса да, ең арзан ойыншықтар Қытайдан келеді. 2017 жылдың тоғыз айында Қытай елі шетелге 26,393 миллиард АҚШ долларына ойыншық сатқан. Тағы 17,717 миллиард АҚШ долларына жасөскіндерге керек-жарақтар экспорттаған. Оның ішінде автоорындықтар, бөбектердің кереуеттері тағы басқалары бар. Суық қару жасаудан қолы тимейтін іргедегі Ресейдің өзі 2018 жылдың 6 айында шетелге 64,8 миллион доллардың ойыншығын сатқан.  Ресейден шығарылған ойыншықтар негізінен Қазақстан, Беларусь және Украина елдеріне сатылған.

Елімізде отандық ойыншықтарды жасап жатқандар бар. Бірақ, бағасы у-дай.

Кейде ойыншықтың сырты қазақи болғанмен іші тұнып тұрған шетелдікі болып шығады.  Осы тақырып турасында  Еркін Съезұлы зерттеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу