Егіздер – ерекше жан. Егіздердің дүниеге келуі бойынша Қазақстан 48-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егіздер – ерекше жан. Егіздердің дүниеге келуі бойынша Қазақстан 48-ші орында

28.09.2018

Миллион балада бір кездесетін жағдай. 2005 жылы мулаттар отбасында бір қара, бір аппақ қыз дүниеге келді. Ата-анасы қара нәсілді болса да егіздің бірі ақ болғаны – табиғатта сирек кездесетін құбылыс.

Өмірде сирек кездесетін қасиеттерге ие және бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын жандар туралы бүгінгі «Shanyraq» бағдарламасында.

Медицинада ғалымдар егіздерді «бір жұмыртқалы» және «екі жұмыртқалы» деп бөледі. Бір жұмыртқалы егіздер көп кездеседі. Егіздердің 20 пайызы – солақайлар. Ал, қарапайым адамдар арасындағы солақайлар үлесі – 10 пайыз.

Егіздердің саусақ іздері әртүрлі болады. Олар ана құрсағында түрліше дамиды және адам болып  қалыптаса келе мінез-құлықтары да түрлі болады. Гендері мен хромасома топтамасы бірдей болса да егіздер 100 пайыз ұқсамайды.

Егіздердің ата-анасы болуды армандайтын жандар үшін бүгінгі медицинада ЭКО әдісінің септігі жоғары.

Егіздердің дүниеге келуі бойынша Қазақстан 48-ші орында. Ал, көш басында Нигерия.

Студияға келген 17 жасар егіз Әнел мен Әсел өз оқиғалары мен өміріндегі қызықтармен бөлісті. 

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу