«Shanyraq». Балаға өмірлік жар таңдап беру дұрыс па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shanyraq». Балаға өмірлік жар таңдап беру дұрыс па?

26.09.2018

Ақылды, бірақ ақыл айтпайтын, келбетті, бірақ бесбатпан бояумен емес, қолаң шаш, бірақ оны жайып жүретін сылқым емес, оқыған, тоқыған, бірақ ақша тапқанын міндет қылмайтын, өнерлі, бірақ ел аралап өнерін паш етпей, оны балаларына үйретуге ғана бағыттайтын, ибалы, аспаз, ісмер, таза болуы шарт. Апаларға «келіннің қандай болғанын қалайсыз?», десең дәл осыларды айтып тоқтай алмай қалады.

Мінсіз келін табу қиын. Әрине, дәулетті болу - еңбектен, әулетті болу - келіннен. Бүгінгі тақырып – «Балаларыма келінді өзім таңдаймын».

Студияға балаларына келінді өздері таңдап берген қонақтар келіп, өз оқиғаларымен бөліседі. Жастардың өміріне араласып, өмірлік жарды таңдау дұрыс па?

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу