Денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформалар

21.09.2018

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан тұрғындарының орташа жас ұзақтығы 72 жасқа жуықтаған. Елімізде халықтың тұрмысын, денсаулығын одан әрі жақсарту, нығайту жолында қандай шаралар жасалып жатыр?

Алматы студиясының қонағы - медицина ғылымдарының докторы, академик Төрегелді Шарманов денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформалар туралы ойын айтып, сұрақтарға жауап берді.

«Қазір Үкімет, министрліктің жасап жатқан ықпалды еңбектерін көріп жатырмыз.  Медицина - өте күрделі сала. Халық оны бірден бағалай алмайды. Бұл салаға сын да көп. Дегенмен, министрліктің баянды еңбектері жоқ емес. Біз оларға үміт артамыз.

Мен денсаулығыма мұқият қараймын. Әр адамға міндетті түрде физикалық жұмыс, 7-8 сағат ұйқы, дене шынықтыру, тынымсыз еңбек керек. Мен - қазақпын. Қазақтар етсіз күн көре алмайды. Күнделікті рационнан етті алып таста деп айта алмаймын. Заман өзгерсе де етпен ғана шектелмей, көкөністі де араластырып отыру керек», - дейді академик.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу