«Tungi studio»-да «Қазақстан барыстары» Ержан Шынкеев пен Ұлан Рысқұлов қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tungi studio»-да «Қазақстан барыстары» Ержан Шынкеев пен Ұлан Рысқұлов қонақта

20.09.2018

Кеше «Tungi studio» бағдарламасы жарыққа шықты.

Бағдарламаға қонаққа «Қазақстан барыстары» Ержан Шынкеев пен Ұлан Рысқұлов келді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлан Рысқұлов алғашқы «Қазақстан барысын» жеңсе, Ержан Шынкеев «Қазақстан барысы-2018»-ді ұтып алған еді.

Ержан бұған дейін төрт мәрте «Қазақстан барысына» қатысқан. 2013 жылы күміс жүлдеге қол жеткізген-ді. Салмағы – 125 келі. Ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға барамын деп ниеттеніп отыр. Ол осы уақытқа дейін 14 көлік ұтқан.

33 жастағы тәжірибелі спортшы көздеген мақсатына жетіп, еліміздің түйе балуаны атанды.

Чемпион атанған Шынкеевке алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңге табыс етілді

Ержан бос уақытында аңға шыққанды ұнататынын айтты.

Ал Ұлан бос уақытында футбол ойнайды. Ұлан Рұсқылов    «Қазақстан барысы -2011» атанған болатын. Ол 150 000 АҚШ долларын қанжығасына байлаған. Салмағы – 140 келі. Оның күрестен ұтқан 21 машинасы бар. Ұтысқа алған көліктерінің жартысын сатқан, жартысын туған-туыстарына сыйға тартқан.

Ол бірінші турнирмен соңғы «Қазақстан барысының»  айырмашылықтары бар дейді. Алғашқы турнирде 64 балуан күрескен. Ал қазір 32 балуан қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Tungi studio» бағдарламасын дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 23:50-де тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу