Динара Болат: Анасының етегіне оралып өскен ұлдан аса жауапты, ер мінезді адам шыға қоймайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Болат: Анасының етегіне оралып өскен ұлдан аса жауапты, ер мінезді адам шыға қоймайды

18.09.2018

Блогер, жиһангез Динара Болат «Shanyraq» бағдарламасының қонағы болды.

«Менің саяхатты сүйетін әдетім бар. Бұл менің балалық арманым. Психология мен саяхатты біріктіре отырып,  үйде отырып қалмау үшін өзімнің армандарымды алға қоямын. Оқырмандарыммен мотивация болсын деп осындай ойлармен бөлісіп отырамын.

Екі балам, күйеуім бар. Күйеуім маған мүмкіндік, рұқсат берді. Ал, қаражатты өзім табамын. Арманым кәсібіме айналды. Қазір авторлық турлар аштым. Яғни, шетелге саяхаттаушыларды алып барамын. 

Саяхатты екінші балам дүниеге келгеннен соң бастадым. Әлемде 220-дан астам мемлекет бар. Көзің тоймайды, барлығына барғың келеді. Осы күнге дейін 20-ға жуық ел араладым. Ата-анам, ата-енем жас, қуатты. Балаларыма солар қарайды.

Отбасылық табысты күйеуім ұстайды. Қанша қаражат табатынын білмеймін. Керек ақшаны беріп тұрады. Отбасының барлық қажеттілігін өзі қамтамасыз етеді. Жолдасыма салмақ салмаймын. Өз қаражатымды өзіме арнаймын.

Психологиялық тұрғыдан Кеңес үкіметі кезінде, соғыс уақытында ер-азаматтар соғысқа аттанғандықтан бүкіл жүкті әйел баласы өзіне алды. Оған қоса бала, ұл тәрбиесі аналардың мойнында болды. Ұлдардың жанында нағыз ер-азамат ететіндей әке болған жоқ. Сондықтан, анасының етегіне оралып өскен ұлдан аса жауапты, ер мінезді адам шыға қоймайды деп ойлаймын. Оған қоса, 90-шы жылдардағы дағдарыс бар. Аналар ақша тауып, базар аралап, бірінші болып кетті. Солардың үлгісі  қалыптасып келе жатқан ұрпаққа әсер етпей қоймайды.

Әйелдің басты қателіктерінің бірі – күйеуінің алдына шығып алу. Яғни мен несие жабамын, ақша табамын деп ер-азаматқа қабілетін ашуға, мүмкіндік іздеуге жолын жауып тастайды. Қанша қиын болса да әйел адам сабырлық танытып, ер адамды ыстық алаңға жіберуі керек», - дейді блогер.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу