Жаңа маусымда бағдарламаға жаңа айдар қосуды ұйғардық. Шерхан Мұртазаның: «Теледидар – құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты: кімнің «сиқырлы сақинасы» бар – соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе, мәңгүрт ете салады, «жаппай иманды ет» десе, иманды ете алады», дегенін тағы бір мәрте ескеріп, бұдан былай «Мәселенің» бір бөлімін нақты адамның, болмаса елді мекеннің проблемасын шешуге арнайтынымызды айтқымыз келеді. Құлақтарыңызға алтын сырға. Қазір бұған дейін «Мәселе» қолұшын берген жандардың бүгінгі өмірі туралы бейнесюжетті көріңіздер.
Әлия ӘШІМ
