Бейбіт Мұсаев: «Men qazaqpyn» мега-жобасы ұлттық өнердің нағыз насихаттаушысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Мұсаев: «Men qazaqpyn» мега-жобасы ұлттық өнердің нағыз насихаттаушысы

14.09.2018

Өткен жылғы «Men qazaqpyn» мега-жобасының жеңімпазы Бейбіт Мұсаев студия қонағы болды. Дәстүрлі әнші жобадағы жеңісінен кейінгі өміріндегі өзгерістер туралы сөз қозғады.

«Men qazaqpyn» мега-жобасы ұлттық өнердің нағыз насихаттаушысы. Жобадан кейін аудан, ауылдарды аралап концерт бердім. Жобаны көрген жұрттың баталарын алып, жақсы сөздерін естідім. Жылы сөздер өнер адамы үшін жақсы серпіліс береді.

Эстрадаға кетті ме деген сұрақтарға айтарым, барлық өнерге құрметпен қараймын. Соның ішінде эстрада жанры жаныма жылы. Оның ішінде қазақи колориті бар әндерді орындағым келеді. Негізі домбыраны бірінші орынға қоямын», -дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу