Зәуреш Аманжолова: Медицина саласын цифрландыру – өзекті мәселелердің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зәуреш Аманжолова: Медицина саласын цифрландыру – өзекті мәселелердің бірі

10.09.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова «Таңшолпан» студиясының төрінде қонақ болды.

«Жазғы демалыста бірқатар кездесулер өткіздік. Бір топ депутаттар Жамбыл облысына барып қайттық. Тек облыс, қала емес, шет аудандарда да болдық. Көптеген іс-шаралар өтуде. Жыл сайын халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Көбінесе кіші және орта бизне өкілдерімен кездестік.

Қазіргі мәселелердің бірі – субсидиялардың жалғасуы. Елдегі мал шаруашылығы, егін шаруашылығының дамуы, жастардың еңбегі қуантады. Осы еңбектері жалғасу үшін мемлекеттік субсидия жалғасса деген сауалдар болды.

Сондай-ақ медицина, білім, бала-бақша саласын араладық. Медицина саласында медициналық сапа, халыққа қолжетімділік, сақтандыру мәселелері қозғалды. Медицина саласын цифрландыру – өзекті мәселелердің бірі. Бастапқы проблемалардың бірі - мамандардың жетіспеуі. Одан кейінгісі – кадрлардың білімділігі. Бұл салада министрліктің берері, халықтың сұрауы көп», - дейді депутат.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу