Ғарышта лифт қызметі қолданылуы мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарышта лифт қызметі қолданылуы мүмкін бе?

06.09.2018

Жапон ғалымдары дәл осы теорияны алға тартуда. Ғалымдар арақашықтығы 10 шақырымды құрайтын екі спутник арасын жалғайтын трос жасап көрмек. Егер ол сәтті жалғанса, қос спутник арасында лифт салу мүмкіндігі де арта түседі. Бұл жоба көп жылдан бері зерттеліп жатыр. Ол орбитадағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге үлкен жеңілдік болатыны сөзсіз.

Бұл жоба туралы алғаш рет NASA мәлімдеме жасаған еді. Олар 1997 жылы «Эверест пен айдың арасында көпір саламыз. Ол гелий қабаты арқылы лифттің төменнен жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік береді деген болатын. Демек, ғарышқа жеделсаты салу әбден мүмкін. Адам қиялы расында шексіз.

Жапон ғалымдарының жаңалықтары сенсация бола ма, оны уақыт көрсетеді.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу