Головкин - Альварес жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин - Альварес жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

30.08.2018
Головкин - Альварес жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

15 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-0, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес ((49-1-2-34 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

 

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Сондай-ақ, мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

 

Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 39 жекпе-жек өткізіп, 34-ін нокаутпен, біреуін тең аяқтаған.

 

«Қазақстан» корпорациясы   Геннадий Головкиннің барлық жекпе-жектерін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Осы күнге дейін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Қазақстан аумағында 10-нан астам жекпе- жегін тікелей эфирде көрсетті. 

 

Жылдың басты жекпе-жегін 16 қыркүйекте «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көре аласыздар!  

 

Еске сала кетейік, аталмыш жекпе-жекті «Qazaqstan TV» мобильдік қосымшасы арқылы да тамашалай аласыздар. Қосымшаны AppStore және Google Play сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу