«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамы тағы да бір жаңа телеарнамен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамы тағы да бір жаңа телеарнамен толықты

29.08.2018
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамы тағы да бір жаңа телеарнамен толықты

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық «Tamasha TV» телеарнасының тұсауы кесіледі. 

Жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда SD форматта таратылатын  болады. Бүгінгі күні спутниктік ОТАУ ТВ операторының аудиториясы шамамен  900 000-ға жуық болса, ID TV-ді  400 мыңнан астам абонент қолданады.

«Tamasha TV» телеарнасының эфирі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылатын болады. Айта кетсек, арна  «Әзіл әлемі» «Жайдарман», « Хаха-шоу», «Әзіл Man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық  телехикаялар  және т.б қызықты жобаларды ұсынбақ.

Сондай-ақ, жаңа телеарнаның ашылуымен телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады. Жаңа телеарна отандық телевизия әлемінде ойын-сауықтық, әзіл-сықақ жанрындағы бағдарламаларды  кеңейтуді көздейді. Телерадиокорпорация алдын ала  теленарықты зерттей  келе,  ойын-сауықтық контенттің  көрермен арасында үлкен қызығушылық пен сұранысқа ие екенін ескерді.  

«Tamasha TV» телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. Жаңа арнаның директоры болып Есен Елеукен тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу