Роза Рымбаева: Иран-Ғайып Роза болып жылайды, күледі.. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаева: Иран-Ғайып Роза болып жылайды, күледі..

13.08.2018

«Дара жол» жобасының үшінші маусымының бүгінгі қонағы - ақын, драматург Иран-Ғайып. Бағдарламаға қаламгердің үзеңгілестері, жолдастары қатысты. Солардың бірі – әнші Роза Рымбаева.

«Егемендік алған жылдары Иран-Ғайыптың бір сұхбатын тыңдап, содан өзім іздеп бардым. Отбасымен, жұбайымен танысып, қазір дос болып кеттік.

Маған 60-тан астам ән жазып берді. Иран-Ғайып Роза болып жылайды, күледі, қуанады, тіпті, керек болса, әйелдің образына енеді. Келешекте талай ән жазады деп сенемін. Кейде «қырсығып» жазбай қояды. Дегенмен, ол шығармашылық адамға тән дүние. Жалпы екеуміздің мінезімізде ортақ көзқарас көп», - дейді Халық әртісі.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу