«Славян базары» халықаралық байқауында еліміздің намысын 23 жастағы Әміре қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Славян базары» халықаралық байқауында еліміздің намысын 23 жастағы Әміре қорғайды

05.07.2018

27-ші рет өткізіліп отырған «Славян базары» халықаралық байқауында еліміздің намысын 23 жасар Ернар Садырбаев қорғайтын болады. Қазақ сахнасында арнайы берілген лақап аты – Әміре.

 

«Азан шақырып қойған есімім – Ернар. Қостанай облысының тумасымын. Алматы қаласында Өнер академиясын тәмамдап, елордаға жуырда келдім. Төрт күннен кейін «Славян базары» байқауына жол тартамын.

Дайындық 3-4 айдан бері өтіп жатыр. Халықаралық дегейдегі байқау болғандықтан, барлық жағынан сақадай сай болу керек.

Репертуар жағынан көп ойландым. Алдымен Нұрғиса Тілендиевтың «Құстар» әнін орындаймын. Ол үшін әннің тарихын зерттеп, киносын көріп шықтым. Одан кейін Раймонд Паулстың «Подберу музыку», Моцарттың «Я сплю на розах» туындыларын орындаймын», - дейді жас өнерпаз.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

 

Хабарламаларға жазылу