Бүгін «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында жартылай финалдың алғашқы жұбы ретінде Мұхтар Ниязов пен Рүстем Қайыртайұлы айтысты. Ақындар алғашқы бөлімде «Құмар ойындар» тақырыбында сөз додасына түсті.
Қазылар алқасы бұл бөлімде Рүстем Қайыртайұлының өнерін 39 ұпайға бағаласа, Мұхтар Ниязовтың қарсыласынан бәсі биіктеу болып, 40 ұпай еншіледі.
Екінші бөлімде ақындардың бірі «Астана» футбол клубы болып айтысса, екіншісі «Қайрат» футбол клубы болып сөз сайыстырды. Бұл бөлімде қос ақын да 39 ұпайдан еншіледі. Осылайша, қазылар алқасының шешімімен ұпай санымен ақтық сынға Мұхтар Ниязов шықты.
Айта кетейік, екінші айналымнан ең жоғары ұпай жинаған 4 ақын жартылай финалға өтті.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.