Баланы шен алсын деп оқыту неге сәнге айналды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы шен алсын деп оқыту неге сәнге айналды?

16.06.2018

Қазір біздің жұрт жөргектен шыққан баласына жер-көктен таныс іздеп, қалаға аттандырады. Тапқан-таянғанын аузынан жырып жүріп, ұл-қызына ұсынады. Бұл, әрине, заңдылық. Дауымыз жоқ. Бірақ, арман қуып кеткен жастардың табақтай дипломды алған соң туған жерге туын тікпек түгілі, табанын тигізбей кететіні бар. Көпке топырақ шашпаймыз, ауылдан алысқа кетіп абырой жинап, елдің ертеңі үшін табанынан таусылып жүрген жастарға «жарайсыңнан» басқа айтарымыз жоқ. Алайда, тағы бір лек бар, қалада лайықты қызметі жоқ, айлығы шайлығынан артылмаса да, ауылға қайтсам ағайын табалай ма деп жасқанатын. Кейде ата-ананың өзі табысы там-тұм болса да, бауыр еті баласының мансабы үні жеткен жерлерге үкім айтқызатын мекемелерде жүргенін қалайды. Мұның себебі неде? «Мәселе» тілшісі Сәбит Әлдебай зерттеп көрді.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу