«Qazsport» телеарнасы  «Qazaqstan FIGHTER» жобасына өтінімдер қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы  «Qazaqstan FIGHTER» жобасына өтінімдер қабылдайды

29.05.2018
«Qazsport» телеарнасы  «Qazaqstan FIGHTER» жобасына өтінімдер қабылдайды

«Qazsport»  телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына қатысқысы келетін азаматтардан 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.

Өтінім беру шарттары:

1.  18-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы реалити-шоуға қатысуға өтінім бере алады. 
2. Салмақ дәрежесі: 65,8 
3. Дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты болуы керек. Үміткер физикалық тұрғыдан мықты, дені сау болуы қажет. Созылмалы ауруы болмауы тиіс.
4. Спортта тәжірибесі және әуесқойлар жекпе-жегінде қандай да бір жетістіктері болуы қажет. (ММА, қолма-қол ұрыс, самбо, бокс, күрес, кикбоксинг, муай-тай, карате, таеквондо, джиу-джитсу және т.б.)
5. Қатысушының көпті қызықтыра білетін қасиеттері болуы тиіс.
Ескерту: Кәсіби жекпе-жекте тәжірибесі бар және кәсіби промоушндармен келісімшарт жасағандар реалити-шоуға қатыса алмайды.

                                                           Қатысушыға қойылатын талаптар:

1. Қатысу талаптарын орындау;

2. Толтырылған сауалнаманы жіберу;

3. Жалаңаш кеудеде сайыскерлік тұрыспен түскен сапалы суретін қоса жолдау;

4. Сканерден өткен диплом, сертификаттар мен әуесқойлар жекпе-жегіне қатысқанын растайтын анықтаманың электронды нұсқасы (шақырту алған жағдайда, барлық құжаттардың түпнұсқасы қажет)

5. Форма № 86 анықтамасы мен көкірек қуысының рентген түсірілімі қажет (электронды нұсқада).

6. Осы ақпараттарды qazfighter@gmail.com электронды мекенжайына жіберу. 

Өтінімдер 2018 жылдың 12 маусымына дейін қабылданады. 

- Іріктеу кезеңінен өткен барлық үміткер кастингке шақырту алады;

- Финалдық турдың іріктеуіне дейінгі келіп-кету және тұру шығындарын үміткердің өзі төлейді;

- Егер ұйымдастырушылардан шақырту алмаған болсаңыз, алғашқы іріктеу турынан өтпегенсіз.

Бас жүлде - 5 000 000 теңге.
 

Айта кетейік, «Qazaqstan FIGHTER» – көпбөлімді телевизиялық реалити-шоу. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы»  атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның қазылар құрамына:  Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов,  Ардақ Назаров, Юрий Мельниченко, Бейбіт Шүменов, Данияр Қасқарауов,  Сағындық Мекеев  секілді танымал спортшылар, Олимпиада чемпиондары,  түрлі спорт ұйымдарының жетекшілері кіретін болады. Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.

 

Жүктеп алыңыз
Жобаға қатысу үшін өтінім шарттары
Анкета 

 

Хабарламаларға жазылу