Биыл ҰБТ-ға қатысты бірнеше жеңілдіктер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ-ға қатысты бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

28.05.2018

Санаулы күндерден соң мектеп бітірген түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталады. Осыған орай бүгін «Таңшолпан» төрінде Ұлттық тестілеу орталығының директоры  Рамазан Әлімқұлов қонақта болды.

Биылғы тестілеуге енгізілген өзгешеліктерге тоқталған Рамазан Әлімқұлов:

«Ең басты жаңалық – жыл басында жарияланған Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы». Оның ішінде екі бастама білім саласына арналғанын білесіздер. 20 мың грант берілді, Үкіметтің қаулысы қабылданды. Бұл гранттардың 11 мыңы техникалық мамандықтарға арналып отыр. Қазіргі түлектерге осы мүмкіндікті пайдаланып, ҰБТ-да тиісті мамандықтарға таңдау пәндерін дұрыс таңдаса деген тілек бар. Биылғы ҰБТ-ның форматы өзгерген жоқ.

Тағы бір айта кететін жайт, жылда грант бір жылға ғана бөлінетін еді, енді 3 жылға бөлінетін болды. Келер жылы бітіретін түлектер де елімізде қандай мамандықтарға грант барын біліп отыр. Бұл – тамаша мүмкіндік.

Биыл ҰБТ тапсыруға 102 мың оқушы өтініш  білдірді. Оның ішінде 50 мыңнан астам грант бар. Орта есеппен алғанда, әр екінші түлектің грантқа ілігуіне мүмкіндік бар. Тек дұрыс мамандық таңдауы керек»,-дейді.

Сонымен қатар, тест тапсырмаларының базасына енгізілген өзгерістер жайлы Рамазан Әлімқұлов былай дейді:

«Жыл сайын ереже бойынша 30-35 пайыз өзгеріс енгізілетін. Ал былтырдан бастап, жаңа форматқа келгеннен кейін жылдың басында тест базасын 50 пайызға өзгерту керек деген мақсат қойғанбыз. Қазір бұл мақсат орындалды. Былтыр 80 мың сұрақ болса, биыл 119 мың сұрақ бар. Сұрақтар қайталанбайды».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу