БАҚ саласындағы түйткілдер: Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ саласындағы түйткілдер: Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтті

16.05.2018
БАҚ саласындағы түйткілдер: Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтті

Бүгін «Қазмедиа» орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтті.  Дәурен Абаев мұндай есептік кездесулердің халық пен мемлекеттік органдардың арасындағы ашық алаңға айналғанын атап өтіп, саладағы бірқатар мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Д.Абаев қазіргі кезде қазақстандық БАҚ-ның рейтингісін анықтау бойынша жаңа жүйесін әзірлеу жұмыстары атқарылып жатқанын жеткізді.

 «Қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Біз барлығын зерделеп, интернет саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, жалпы, ақпараттық жүйені қарайтын шешімге келіп қалдық. Ол жыл соңына дейін ұсынылады. Бірақ, онымен барлығы бірдей келісе ме, жоқ па, ол басқа мәселе», - деп атап өтті Д.Абаев.

Сонымен қатар, сала басшысы келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.  Аталған шаралар жылдың ортасында басталады. Бұдан бөлек, Дәурен Абаев журналистерді даярлау жүйесін өзгерту туралы айтып, БАҚ өкілдерін баспанамен қамтудың машақаты туралы баяндады.  

Хабарламаларға жазылу