«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешені» КАҚ-ның басшысы Ерлан Бекхожин Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Ресей басшысы оған сұхбат берді.
Айта кету керек, Ерлан Бекхожин Владимир Путинмен жеке дара кездесуге рұқсат алған жалғыш қазақстандық журналист.
Ерлан Бекхожин Ресей басшысына өзінің жаңа фильміне қатысты сұрақтар қойды. Ал, Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай адами қасиеттерін және саясаткер ретіндегі қабілеттерінің қайсысын жоғары бағалайтынын айтып берді. Ол сондай-ақ, неге біреудің ел басқарып, енді біреудің бұл мәртебеге жете алмауының себебін түсіндірді. Сонымен қатар, Путиннің ойынша, Астана бұл – заманауи әлемнің ғажайыбы.
Сұхбат соңында Ерлан Бекхожин РФ басшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік іс-сапарлары туралы «За кулисами большой политики» атты өзінің кітабын сыйға тартты.
akorda.kz