Головкин - Мартиросян жекпе-жегі «QAZAQSTAN»  мен «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин - Мартиросян жекпе-жегі «QAZAQSTAN»  мен «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінде

05.05.2018
Головкин - Мартиросян жекпе-жегі «QAZAQSTAN»  мен «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінде

6 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) «StubHub Center» аренасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық  Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО)  арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT»  телеарналары тікелей эфирде көрсетпек.

Айта кетсек,  Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз  2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы титулдарына ие. 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша  әлем чемпионы атанды. Ал, 2017 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварестің жекпе-жегі тең аяқталды.

Ал, Мартиросян 2005 жылы әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан боксшы. Ол шаршы алаңда 40 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен. Үшеуінде жеңілсе, біреуінде қарсыласымен тең түскен. Соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 21 мамыр күні Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасып, шешімі бойынша жеңіліс тапқан.

Астана уақыты бойынша 07:30-да трансляцияның алдында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев арнайы студияға келіп, Геннадий Головкиннің алдыңғы жеңістері туралы комментаторлармен бірге  сөз қозғап, ойларымен бөлісетін болады.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде 6 мамыр күні, сағат 08:00-де көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары Головкиннің барлық жекпе-жектерін тұрақты түрде көрсетіп келеді.

 

Жексенбі күннің негізгі жекпе-жегі – Головкин & Мартиросян кездесуін өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу