«Айсұлудың айнасы». Бет терісін қалай күтесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айсұлудың айнасы». Бет терісін қалай күтесіз?

01.05.2018

Бүгінгі «Бақытты әйел» бағдарламасының «Айсұлудың айнасы» айдарында бет күтіміне қатысты пайдалы ақпарат берілді.

Бойжеткендердің дені макиажды сүрту, жуу кезінде көзді мақтамен немесе саусақтарымен қатты уқалап, теріні агрессиялық түрде созады. Соның салдарынан тері мен кірпіктер зақым алуы мүмкін. Сондықтан, асықпаңыз. Косметиканы арнайы құралмен сүртіңіз. Егер тушь суға төзімді болса, мақтаны макиаж сүртетін арнайы сұйықтықпен сулап, көзіңізге қойыңыз.

Қандай жағдай болмасын көзіңізді қатты уқаламаңыз. Негізінен, арнайы сұйықтықпен төрт дөңгелек мақтаны сулаған жөн. Соның екеуін ай түрінде бүктеп кірпік астына салып, қалған екеуін жұмылған көздің үстіне қою керек.

Содан соң сәл күтіп астыңғы және үстіңгі дөңгелек мақталарды айналдыра қозғап, тушь пен теньді сүртіңіз. Қанша асықсаңыз  да макиажды бет жуатын құралмен немесе қарапайым сабынмен кетірмеңіз. Макиаж толық сүртіліп, тері балғын болып, тонусын сақтап қалуы үшін бояуды кетіретін арнайы құралды қолдану қажет.

Сонымен қатар, косметолог Ақбота Әлжанова «Айсұлудың айнасында» қонақта болып, түрлі опа-далаптардың сапасы,  қай жастан бастап бояу қолдану керек, жалпы, бет терісін күту жолдары туралы айтып берді.

Хабарламаларға жазылу