Қазақстанда әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, сайттардың сарбазына айналып жатқандар тым көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, сайттардың сарбазына айналып жатқандар тым көп

21.04.2018

Техниканың жетегінде кете барғанның бірі - Ума Орам. 18 жасар бойжеткен Үндістанның Одиши штатындағы Керьякани ауылында тұрған. Қызыл іңірде сымсыз телефонын қуат көзіне қыстырып, әрі қарай туған-туыстарымен сөйлесуді жалғастырған Ума Орам смартфонның қатты қызып кеткенін аңғармаған. Салдарынан телефон жарылып, қолы, беті, кеудесі түгел күйген бойжеткен ауруханаға жетпей жантәсілім етті.

 

Біздің елде де әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, сайттардың сарбазына айналып жатқандар тым көп.

 

Қазақстандықтардың 20 пайызы әлеуметтік желіні өте белсенді қолданады. Ең көп пайдаланатыны – «ВКонтакте» желісі, мұнда 1 миллион 945 мың отандас тіркелген. Көбісі 18-ге толмаған жастар. Ал, «Instagram»-да қыз-келіншектер көп. Ер адамдардың ондағы үлесі - 28 пайыз ғана. «Мой мир» желісінде 156 мың қазақстандық үзіліссіз отырады екен. Соңғы уақытта көпшіліктің түрлі тақырыпты талқылайтын алаңына айналған «Facebook»-ке 126 мыңнан астам отандас  тіркелген. Ал, «Twitter» желісін 16 600 қазақстандық белсенді қолданады, көбісі ер адамдар. Ал, 55 жастан асқан кісілер «Одноклассники» желісінде отырады екен. Осы мәселені Еркін Съезұлы зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу