Олжас Омар: Электрондық еңбек биржасы жұмыс іздеуші мен жұмыс берушінің уақытын үнемдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Омар: Электрондық еңбек биржасы жұмыс іздеуші мен жұмыс берушінің уақытын үнемдейді

19.04.2018

Халықты жұмыспен қамту орталығы жиі жәрмеңке ұйымдастырып тұрады. Осы жәрмеңкелердің  нәтижесі қандай? Елде халықты жұмыспен қамту жағдайы қалай?

Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар:

Орталықпен ұйымдастырылатын жәрмеңкелердің нәтижесі бар. Жәрмеңке айына бір рет  өткізіледі. Жұмыс іздеген кісіге қысқа мерзімде жұмыс берушілермен танысу мүмкіндігі бар. Бұл шара жұмыс берушілер үшін де жақсы. Екі тарап та уақытты тиімді пайдаланады.

Жуырда жұмыспен қамту заңнамасына өзгерістер енгізілді. Мысалы, электрондық еңбек биржасы. Электрондық еңбек биржасы – бірыңғай бос жұмыс орындары және түйіндемелер қоры. Бұрын жұмыс берушілер бос жұмыс орны туралы бізге хабарлау үшін міндетті түрде қағаз толтыру керек болса, қазір электрондық түрде толтыра алады. Осы портал арқылы бірінші тоқсанда 767 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, жұмыс берушілер 720 адамды тапқан.

Портал статистикасына сәйкес, Астана бойынша 400 мың адам түйіндеме тапсырған, республика бойынша 42 мың бос жұмыс орны бар, 29 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелген.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу