«Бақытты әйел». Көзінен айырылған Рима Асқароваға көмек керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Көзінен айырылған Рима Асқароваға көмек керек

04.04.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы 11 жасында оттың кесірінен бір көзінен айырылған Рима Асқарованың анасы. Қанша уақыт өтсе де Рима үмітін үзген жоқ. Анасы Жанат Қырықбаева көмек қолын созатын адамдар табылса деген үмітпен студияға келді.

«Рима бала кезінен ерекше болды. Көбіне демалыс кезінде ауылға баратын. Өзім жұмыс істедім. Рима 2 жасында жалғыз басты ана атандым. Сол уақыттан бері балаларымды өзім өсіріп келемін. Бала кезінен Рима қабілетті болды. Сабақты жақсы оқыды. Түрлі жарыстарға қатысты.

Әрбір ана баласы болашақта қиыншылық көрмесе, жақсы өмір сүрсе екен деп армандайды. Рима кішкентай кезінде сахнаға шыққанды қалайтын. Кез келген нәрсені білгісі келіп, қызығушылық танытатын. Осы себептен отқа түскен болар. Ол күн мен үшін өте ауыр. Жаңа жылдың алдында от шашатын құралды алып, өзі атып көрді. От көзіне тиді. Сол сәттен бастап өміріміз өзгерді.

Өзімді осы үшін кінәлімін деп есептедім. Басыңа түскеннен кейін, көнбеске не шара? Үмітімізді үзген емеспіз. Қызым мықты. Біраз ота жасаттық. Барлығы нәтижесіз өтті.

Қазір медицинаның дамыған заманы. Интернет арқылы шетелдік клиникаларды анықтадық. Бізге көмек береміз деп отырғаны Израиль клиникасы. Қызым ол туралы естіп, көкке ұшты. Бірақ ол отаның құны - 16 миллион», - дейді Риманың анасы.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу