Белгілі күйші Секен Тұрысбек «Таңшолпан» студиясында қазақ елін Наурыз тойымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі күйші Секен Тұрысбек «Таңшолпан» студиясында қазақ елін Наурыз тойымен құттықтады

22.03.2018

«Таңшолпан» студиясында күйші, академик, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Тұрысбек қонақ болып, өз шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесін қалай қарсы алатындығы жайлы тілге тиек етті. 

«Мейрамды 16-17 жыл бойы Астанада, мұздың үстінде өткізетінмін, бүгін міне, бірінші рет Алматы қаласында тойлап жатырмыз». 

Танымал өнер иесі, сондай-ақ, шығармашылық жоспарларымен, «Ақ жауын» ансамблін қалай құрғандығы туралы баяндап берді.  

Бағдарлама барысында танымал күйші «Ақ жауын» күйін тартып, күйлерінің дүниеге келуі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілегін білдірді.

Хабарламаларға жазылу