Шетелдегі қандастарымыз да Наурыз мейрамын ерекше тойлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қандастарымыз да Наурыз мейрамын ерекше тойлайды

21.03.2018

Ежелгі Иранда Наурыз тойы бес күн бойы тойланған. Оның алғашқы күнінде сарай патшасы халықты арнайы қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдайды екен. Сосын сарай мәселелері шешіліп, соңы мерекеге ұласқан. Бүгінде Иран халқы Наурызды 21-нен бастап 13 күн бойы тойлайды. Ал, ондағы қазақ қандастарымыз Наурызға қатысты тіпті ирандықтар біле бермейтін дәстүрлер мен жоралғыларды сақтап, бүгінге дейін жеткізіп келеді.

Қытайдағы қазақтарда Ұлыстың ұлы күнін ерекше ықыласпен атап өтіп жүр. Халқымыздың ғасырлар бойы бойына сіңген әдет-ғұрыптарымен салт-санасы тап осы мерекеде жаңғырады. Осыдан 25 жыл бұрын елге оралған белгілі этнограф Болат Бопай Ұлыстың ұлы күні Қытай қазақтары 40 үйден наурыз көже ішуді әдетке айналдырғанын айтады.

Ал, Франция мемлекетіндегі қазақ диаспорасының белді өкілі Әбдусамет Алтай Наурыз мерекесін Еуропа қазақтары да асыға күтеді дейді.

Хабарламаларға жазылу