Роза Рымбаева: 8 наурыз мерекесін балаларыммен бірге қарсы аламын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаева: 8 наурыз мерекесін балаларыммен бірге қарсы аламын

08.03.2018

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева «Таңшолпанның» Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шығарылымында қонақ болды.

Хабар барысында қазақ сахнасының жұлдызы 8 наурыз мерекесін қалай қарсы алатыны жайлы және айтып берді. Бұдан бөлек, Әли мен Мәдидің бала кездерінде анасына жасаған сыйлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, студия мейманы Роаз Қуанышқызы барша аналарға тарту ретінде Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жырын» шырқап, таңғы тілегін айтты.

«Көктем қазақ халқы үшін ерекше маусым. Көктемде аналар мерекесімен қатар, жаңа жылымыз да келеді. Күн мен түн теңеседі. Сондықтан, елімізге, жерімізге тыныштық, береке тілеймін. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді, аналарымыз ұзақ өмір сүрсін. Әрқашан көңілдеріңіз көктем болсын», - деген лебізін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу