«Бақытты әйел». «...Анама ерекше көңіл бөлгім келеді» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». «...Анама ерекше көңіл бөлгім келеді»

01.03.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының  бүгінгі қонағы 26 жасар Гүлзира.

Гулзираның 1 баласы бар. Ол Астана қаласының тұрғыны. Әжесінің қолында өскен ол анасымен қарым-қатынасы салқын. Өзі сәбилі болған соң анасына жақын болғысы келеді.

«Мен отбасымда тұрдым. Бірақ үйдің үлкені болған соң әжемнің қызы болдым. Әжем анамнан мені қызғанатын. Бала кезімнен әжемді анам екен деп өстім. Есейе ол менің әжем екенін білдім.

Қазір балалы болдым. Ананың қадірін білемін. Сырласып, кешірім сұрағым келеді. Жақын болмағаныма өкінемін. Әлі де кеш емес деп ойлаймын. Сондықтан сіздерге хат жаздым. Өзіне тікелей айтуға дәтім бармады. Бүгіннен кейін анама ерекше көңіл бөлгім келеді. », - дейді қонақ.

 

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасында

Хабарламаларға жазылу