«Таңшолпан». «Ақбөбек» әнінің тарихы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Ақбөбек» әнінің тарихы туралы не білесіз?

19.02.2018

Қайып Қорабайұлы деген кім? «Ақбөбек» әнін кімге арнаған?

Ол – әнші-ақын, сазгер, қолөнер шебері. Зерлеген кебіс, мәсі, көк сауыр етік, көкала жона тігетін ата-баба өнерін меңгерген Қайыпты әл-ауқатты адамдар айлап-апталап үйлерінде ұстап, етік тіккізеді. Қайып сондай сапарлармен Маңғыстаудың бірқатар өңірін аралаған. 1883-1885 жылдары Мамыртай Есжан ауылында ертелі-кешті домбыра тартып, сұлу әндер салып, бай қызы Ақбөбекпен көңіл жарастырады. Қыз Кедейдің Есберген деген адамына атастырылған. Қалың малы берулі, қызды небір қымбатпен киіндіріп, тойға дайындық жүріп жатады. Ауылға Қайып келгеннен бері Ақбөбек етікті киіп көру сылтауымен шебердің қасына келе береді. Мұны соңы ғашықтардың жырына айналады. Бұл оқиға Қайып әндерінің тууына, халық арасына аңыз болып қалған Ақбөбек-Қайып оқиғасының желісіне айналады.

Ауыл қыстаққа көшер күні Ақбөбек екеуі қос атпен қашады. Қаһарлы қысқа ұшыраған Есжан аулының адамдары бұларды келер көктемде Самдағы Қорабай ауылынан тауып, Ақбөбекті тартып алып кетеді. Бұдан кейін де Қайып Ақбөбекті екі дүркін алып қашып, сәтсіздікке ұшыраған. Қайып қолға түсіп, тұтқын есебінде азап тартады.

Қайыптың үш-төрт түрлі әуенмен айтылатын Ақбөбекке арнаған 30-ға тарта ән-өлеңі бар. Негізгісі – маңғыстаулықтар айтатын «Ақбөбек» әнінің тұрақты әуені.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу