Бидің өз тілі, философиялық мәні мен мағынасы бар. Бұдан бөлек, бидің адамға тигізер пайдасы көп. Би үйірмелеріне барған адам ақыл-ой кемшілігіне душар болмайды. Оның сүйектері басқаларға қарағанда 5 пайызға берік болатыны дәлелденген. Сондай-ақ, би сағатына 400 ккалды жоқ қылады.
Классикалық би түріне жататын балет - күрделі әрі қиын өнер. Балет алғашында 17 ғасырда Италияның той-думандарында беташар секілді болған. Шығыс елдеріне 20 ғасырдан бастап тарала бастады. Балет өнеріне тыйым салған елдер де бар. Мәселен, Түрікменстанда 2001 жылы билік тарапынан «түрікмен өнеріне жат»ғ деп тыйым салынды. Ал, Мысырда 2013 жылдан бастап балет өнерін дамытуға қаржы бөлінбейтін болған.
Өмірдегі үлкен жеңістер – адам еңбегінің арқасы. Бүгін студияда балет бишісі Аңсаған Көбентай қонақ болып, балеттің қыр-сыры туралы айтып, би сағатын өткізді.
Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасынан біле аласыз.