«Таңшолпан». Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған Бейбіт Құсанбектің шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған Бейбіт Құсанбектің шығармашылығы

13.02.2018

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған тележурналисттің бірі - Бейбіт Құсанбек.

Ол 1962 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Тележурналист, ақын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Мәскеу қаласындағы КСРО Мемтелерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген.

Алғаш еңбек жолын Қазақ теледидарының Жастар, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында редактор, саяси шолушы болып бастаған. Кейіннен «Алатау» телеканалының директоры, «Хабар» агенттігінде продюссер, тележүргізуші қызметтерін атқарды.

Әр жылдары «Арай», «Жадыра», «Құрдастар», «Көкпар», «Кездесу», «Дидар» циклдарымен жасаған хабарлары, репрессияға ұшырап, ақталған арыстарымызды халқымен қауыштырған «Халық зердесі», «Алты арыс», Ресейдегі қазақ диаспорасының бір бөлігіне арналған, олардың тұрмыс-тіршілігін, мәдени өмірін қамтитын «Омбыдағы қазақтар», «Мұхиттың арғы жағы – Америка» хабары жарық көрді.

Бейбіт Құсанбектің аймақтық, облыстық, республикалық телеарналарда бұдан басқа да көптеген авторлық бағдарламалары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

45 жылдық ғұмырында талай таңғажайып телетуындаларды өмірге әкелген алғыр журналист әдебиет пен мәдениет, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен көптеген танымал тұлғалардан сұхбат алды. Солардың өнегелі өнер жолын дәріптей жүріп, өзі де тұлғалы азаматқа айналды.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу