Тіл – ұлттың жаны, елдің рухы мен жігері. Ахмет Байтұрсынов секілді Алаш зиялылары тілді ғылым ретінде қалыптастырды. Одан бері жүздеген ғалымдар іргелі ізденістер мен зерттеу жүргізіп, тіл ғылымының жүйесін қалады. Тіл білімі қаншалықты зерттелуде? Нендей өзгерістер бар? Өзге тілден енген қандай сөздерді білесіз?
«Тіл байлығы» айдарында осы жолы кірме сөздер зерттелді. Шындығында, қазақ тіліне әбден сіңіп кеткен, өзге тілден енген кірме сөздер жетерлік. Олардың орнына қолданатын балама термин жоқ секілді көрінеді.
Ғалымдар кірме сөздердің тарихын сонау IX-X ғасырлармен байланыстырады. Бұл уақытта араб, парсы тілдерінен көптеген сөздер енген. «Адам», «әлем», «ғалым», «қоғам», «мектеп», «тарих», «әдебиет», «мәдениет», «пән», «тәрбие», «емле» - бұлар араб және парсы тілдерінен енген сөздер. Өзгенікі деп айтуға да қимайсың. Тарихи деректерге сенсек, бұл сөздер қазақ даласына Ислам дінін, мәдениетін таратқан ақын, ғалым, ойшылдармен бірге келген.
Кеңестік дәуірде де қазақ тіліне енген сөздер кем емес. Бұл сөздер жарты ғасырдан астам уақытта жадымызға жазылып, санамызға сіңді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кейбір кірме сөздер қазақшаға аударылып, қайта түрленді. Мысалы, самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба. Қисынға келмейтін, естуге ерсі аудармалар да бар.
Толығырақ бүгінгі «Таңшолпан» бағдарламасында.