Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Мемлекет басшысы баспасөз мәслихаты барысында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын дамытудың басым бағыттары мен келешегіне тоқталып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне және еліміздің әлемде ядролық қаруды таратпау ісіндегі миссиясына қатысты сауалдарға жауап берді.