Елбасының қатысуымен өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны жергілікті уақытпен 21:00-де басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының қатысуымен өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны жергілікті уақытпен 21:00-де басталады

18.01.2018
Елбасының қатысуымен өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны жергілікті уақытпен 21:00-де басталады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Нью-Йоркте Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ұйымдастырылатын ядролық қарусыздану және сенім шараларын нығайту жөніндегі басқосуда арнайы баяндама жасайды.

 

 

 

Екі жыл бұрын Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақ көшбасшысының соғыссыз, зорлық-зомбылықсыз болашақ құруға шақыратын «Әлем 21 ғасыр манифесі» xалықаралық мінберлерде жан-жақты талқыланған еді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі манифестке ресми құжат мәртебесін берді.

АҚШ Президенті Д.Трамп Ақ үйде Мемлекет басшысын қабылдау кезінде 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайланған мүшесі ретіндегі Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын атап өткен болатын. Ол 1992 жылы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаннан бастап, қаруды таратпау ісіне күш салып келе жатқан халықаралық көшбасшы ретіндегі Қазақстанның мұрасын және ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі міндеттемелерін күшейтуін, сондай-ақ, жуырда химиялық қарудың таратылуы мен қолданылуына жол бермеу шараларын күшейтуді қолдағанын жоғары бағалады.

Қазақстан Президентінің қатысуымен өтетін бүгінгі жиынды жергілікті уақытпен сағат 21:00-де «Qazaqstan» телеарнасының сайтынан көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу