Елбасы Нью-Йоркте «Астана Балет» театрының концертін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нью-Йоркте «Астана Балет» театрының концертін тамашалады

18.01.2018
Елбасы Нью-Йоркте «Астана Балет» театрының концертін тамашалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласындағы Линкольн орталығында өткен «Астана Балет» театрының концертіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Астана Балет» театры «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы «Қазақстан Астана Балет Гала» бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламаға «Арулар», «Ақ қыз», «Әсемқоңыр» хореографиялық миниатюралары, «Щелкунчик» балетіндегі адажионың классикалық редакциясы және басқа да қойылымдар енген.

Хабарламаларға жазылу