Еліміздің көпшілік біле бермейтін табиғаты ғажап мекендері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің көпшілік біле бермейтін табиғаты ғажап мекендері

13.01.2018

Қалтасы қалың адамдарды тылсым дүниесімен тартып, қаржысын қарпып қалатын мамандар жаңа тәсілге көшкен. Яки, жалпақ жұртқа жария болған жерлерді қойып, алты құрлықтағы ақылды адамдар бұрын адам аяғы баспаған деп түрлі табиғи мекендерді ашып, турист шақырып әлек. «Бұл да бір қулық», дейді саланың мамандары. Өйткені, әр ел өз аумағында не бар, не жоғын жақсы біледі. Тек соның бәрін бірден ашып тастаса, ертең саяхатшы тарту қиындап кетеді, сондықтан, жоқ жерден жаңалық ашып аз-аздан адам шақырады. Мәселен, Бутандағы Канкар-Пунсум шыңы - әлемдегі ең биік нүктенің бірі. 7570 метр биіктегі шыңға бұған дейін 4 рет экспедиция жасалыпты. Соңғысы 1994 жылы, бірақ барлығы сәтсіз. Ауа райы қолайсыз, қар көшкіні тыным бермейді. 2004 жылдан бері альпинистерге мұнда көтерілуге тыйым салынған, тиісінше әлемдегі ешкім бағындыра алмаған шыңды көруге жылына мыңдаған турист келеді, қыруар ақша қалдырады.

 

Қазақтың даласында қорған мен ескі қаладан көп нәрсе жоқ. Неге соларды дамытпасқа, жариялап айтпасқа?!

 

Шотландияның Лох-Несс көлі. Ғажабы сол, жергілікті жұрт осы суда 65 миллион жыл бұрын жер бетінен жойылып кеткен плезиозавр өмір сүреді дейді. Оған Несси деген есім де беріп қойған, оны көргендер бар, тіпті суреттеп беріпті деген аңыз жүр. Тап осы плезиозаврды көрген турист әлі жоқ, бірақ, аңызы айқайлап тұр.

Осы аптада әріптесім Сәбит Әлдебай Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлап, қалың көпшілік біле бермейтін, бірақ, табиғаты ғажап, ақшасы аз-ақ мекендерді аралап шықты.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу