«Qazaqstan», «balapan» телеарналары мен Өндірістік орталық қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan», «balapan» телеарналары мен Өндірістік орталық қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтті

27.12.2017
«Qazaqstan», «balapan» телеарналары мен Өндірістік орталық қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтті

Бүгін «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен «Qazaqstan», «balapan» телеарналары мен Өндірістік орталық қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтті. Жиын 2017 жылды қорытындылауға арналды.

 

Шара барысында «Qazaqstan» ҰТА» директоры Асқар Әшімов, «balapan» телеарнасының директоры Жанар Шамелқызы, өндірістік орталық директоры Меруерт Құмарқызы бір жыл бойына атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

Жиын соңында «Қазақстан» Республикалық телерадио корпорациясы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин корпорация қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер «Елді жаңа индустрияландыру:  Қазақстан  барысының   серпіні» Жалпыұлттық телекөпірді ұйымдастыруға және оның жоғары деңгейде өтуіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды:

Олар:

Әшімов Асқар Тұрғанбекұлы - «Қазақстан» ҰТА директоры;

Әбішева Гүлнаш Болатқызы;

Жапарова Назгүл Каметқызы;

Сарсембаев Медет Нұрланұлы;

Мұқанова Гүлмира Болатқызы.

 

Тележүргізуші Дана Нұржігіт еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН Әшімов Асқар Тұрғанбекұлы марапатталды.

 

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға және Корпорацияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Алтын жаршы» төсбелгісімен Әбішева Гүлнаш Болатқызы марапатталады.

 

Корпорациядағы мінсіз қызметі мен шығармашылықтағы елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Басқарма төрағасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН төмендегі қызметкерлер марапатталды:

1. Әбішева Гүлнаш Болатқызы;

2. Мыңжасар Айгүл Тілеуқабылқызы;                                                           

3. Емкулова Әлия Серікқызы.

Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Басқарма төрағасының АЛҒЫС ХАТЫМЕН төмендегі қызметкерлер марапатталды:

1 .Мұқанова Гүлмира Болатқызы;

2.Мотанов Дидар Жолдыбайұлы;

3. Керімбаева Сәбира Тастанбекқызы

 

Қазақ журналистері арасында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ  ұйымдастыруымен өткен «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауында «ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған

«Парасат майданы» бағдарламасының ұжымы марапатталды.

Хабарламаларға жазылу