«Мәселенің» тікелей эфирдегі жұмыс барысы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселенің» тікелей эфирдегі жұмыс барысы қандай?

23.12.2017

Шерхан Мұртаза телевизия деген тылсымға қатысты былай деген: «Теледидар – құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты: кімнің «сиқырлы сақинасы» бар, соның құлақ кесті құлы. Адамдарды жаппай мәңгүрт ет десе, мәңгүрт ете алады. Жаппай иманды ет десе, иманды ете алады» дейді. Ақсақалдан асырып айта алмаспыз. Қазаққа қаламының сиясымен, миының миясымен қызмет қылып жүрген «Мәселе» майталмандары 2017 жылы ағайынға адал қызмет қылып, көмескі жатқан көп нәрсеге көрерменнің көзін жеткізеді деп білеміз. Осы тұста, құрметті біздің көрермен, сіздер тікелей эфирдегі жұмыс барысы туралы көп сұрайтын едіңіздер, ендеше қараңыздар. Өздеріңіз жақсы білетін «Мәселе» студиясы осы, менен санаулы метр жерде бағдарлама продюсері Ләззат ханым мен студиядағы реквизиттерді ауыстыратын азаматтар тұрады. Ал, мына жерде мені сіздермен қауыштыратын бес бірдей оператор бар. Мына жерде біздің жарық беруші азаматтар жайғасқан. Әр сәулені қалт жібермей қадағалайды. Тағы бір қызықты көрсетейін, мына жерде біздің дыбысты қадағалайтын мамандар отырады. Сюжеттер, студиядағы менің сөзімнің дауысы бәрі осы мамандардың қолында. Айтпақшы, әр диктордың құлағында құрылғы болады. Сол арқылы режиссерден тиісті пәрменді аламыз. Нұсқау беретін Жандос есімді режиссеріміз бастаған команда осы кабинетте отырады, телевизия тілінде АСБ деп атаймыз. Студиядағы тікелей түсірілім мен сюжеттер осы жерден сіздерге жол тартады. Құрметті көрермен, назарларыңыз экранда болсын, «Мәселе» мамандарынан сіздерге арнайы бейнеролик көрейік.

 

Хабарламаларға жазылу