Құман Тастанбековтің театр мен кино саласындағы жарқын бейнесі мәңгілік ел жүрегінде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құман Тастанбековтің театр мен кино саласындағы жарқын бейнесі мәңгілік ел жүрегінде (ВИДЕО)

18.12.2017

Күні кеше Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбеков дүниеден озды. 

Ол 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысына қарасты Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ академиялық драма театрында бастаған өнерпаз өз ісінің нағыз шебері болды.  

Құман Тастанбеков «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Махаббат құдіретінің машақатын ұлттық дәстүрмен байланыстыра суреттеген кинокартина шын мәнінде Құман Нұрмағанұлының жұлдызын жаққан еді. Бұдан бөлек, актер ұлттық кинематография саласында «Қыс», «Мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді», «Махаббат жаңғырығы», «Ағама арналған қалыңдық», «Қараша қаздар қайтқанда» сынды фильмдерге түскен.

Оның театр мен кино саласындағы жарқын бейнесі мәңгілік ел жүрегінде. Ол ешқашан өшпейді және ұмыт болмайды.

Хабарламаларға жазылу