«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жобалық идеяларға жариялаған байқауы жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жобалық идеяларға жариялаған байқауы жалғасады

14.12.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жобалық идеяларға жариялаған байқауы жалғасады

Алдағы 2018 жылға  «Қазақстан» РТРК» АҚ сериалдық өнім шығару мақсатында жариялаған жобалық /сценарлық/ идеяларға байқау жалғасады.

Төмендегі тақырыптық бағыттар бойынша тапсырыстар қабылданады: отбасылық құндылықтар, махаббат, бала тәрбиесі, белсенді азаматтық көзқарас, тарихи тұлғалар және рухани - адамгершілікті жаңғырту /«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік  бағдарламасының аясында/, Астананың 20 жылдығы және басқа да қоғамдағы маңызды оқиғалар.

Конкурсқа қатысу үшін  ықтимал орындаушы арнайы синопсис жолдайды /көлемі 2 беттен кем емес, шриф Times New Roman, өлшемі-12, қазақ-орыс тілдерінде/.

Сонымен қатар, концепция ауқымы қамтуы керек: болашақ сериалдың атауы, мақсаты мен міндеті, көлемі /ұзақтығы және сериясының саны/, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының  біліктілік құрамы.  

Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте  тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Байқау үш кезеңмен өтеді:  

  1. кезең:  Талапқа сай келетін өтініштерді  бастапқы қабылдау;
  2. кезең:  Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.
  3. кезең: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау. 

Өтініштер 2017 жылғы 25 желтоқсанға дейін kaztrk@kaztrk.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Хабарламаларға жазылу